16 қараша күні «ТОМ: Nur-Sultan» мейкатон жобасының ақтық мәресі болып өтті.

Оныншы рет өтіп отырған мейкатон жобасының ұйымдастырушылары – «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы»ММ, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Назарбаев университетінің Fab Lab инновациялық кластері, Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы.
▫️72 сағат бойы командалар есту, көру, тірек-қимыл жүйесінің бұзылуы сияқты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған прототиптер жасады.
▪️1 орынды «Robotek «S» командасы иеленді – тізе тірегін биіктігі бойынша реттеу мүмкіндігі бар арбадағы мүгедектерге арналған швед қабырғасы, жамбасты тартуға арналған белбеуі, резеңкеленген тұтқалары бар турникет прототипін жасап шықты.
Барлық қазылар алқасы бірауыздан команданың жұмысын және прототиптің сапасы жоғары екендігін атап өтті. Нидноуэр мейкатон аяқталғаннан кейін бірден прототипті жеке пайдалануға ала алды. Бірінші орын үшін команда жалпы сомасы 500 мың теңгеге Сулпак ТМ сертификаттарға ие болды.
▪️2 орынды «Жардем» командасы иеленді. Олардың прототипі-трафигі жоғары мүгедектер арбасы. Жеңімпаздарға Сулпак ТМ жалпы сомасы 300 мың теңгеге сертификаттар табысталды.
▪️3 орынды мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп – тұруына арналған «STEM» тобы иеленді. БЦП диагнозы бар балаға прототип жасалды. Отбасы прототип түрінде көрсеткен көмек үшін алғыс білдірді.
▪️4 орынды зағиып жандарға жазуға үйрету және жаттықтыруға арналған прототиптері үшін «Cicada» командасы иеленді.