“Еріктілер жылы” аясында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің арасында футзалдан жарысы өтті.

“Еріктілер жылы” аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және ҚР ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен “Жас сарбаз” жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Jas sarbaz-meirimdilik biriktiredi» жобасы аясында елордамыздағы 4 ауданның үздік «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің басын қосатын,ұлдар арасында футзалдан жарыс өтті. Шара барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері өздерінің физикалық дайындығын тексеріп, салауатты өмір салтын насихаттап, карантин режимін, арақашықтықты сақтап 4 ауданның арасындағы футзал ойынан үздік команданы анықтады.