«Jas sarbaz-meirimdilik biriktiredi» жобасы аясында 1000 Жас сарбазға онлайн форматта куәлік табыстау рәсімі өтті.

14.11.2020 жылы «Еріктілер жылы»аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» КММ және ҚР ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Jas sarbaz-meirimdilik biriktiredi» жобасы аясында 1000 Жас сарбазға онлайн форматта куәлік табыстау рәсімі өтті.

Аталған іс-шараға «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек және 30 мектеп, 10 колледж директорлары қатысты. Сонымен қатар биылғы жылы «Жас сарбаз Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының» құрылғанына 2 жыл толып отыр.
Жас сарбаз тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.
Жас сарбаз тәрбиеленушілеріне Тәуелсіз Мемлекетімізге адал қызмет етуге, білімді, заман талабына сай елін-жеріне қызмет ететін сарбаз болуларына тілектеспіз!