Нұр-Сұлтан қаласында «1000 теңгеге жылу сыйла» атты қайырымдылық акциясы бастау алды.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасыларды көмірмен қамтамасыз ету. Мұндай акция жыл сайын өткізіледі және биылғы жылыда өз жалғасын тауып отыр.
10 қараша күні «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері акцияны жүзеге асыруға өз көмектерін көрсетті. Бірлескен күш-жігердің арқасында екі мұқтаж отбасыға 4 тоннаға жуық көмір жеткізілді. Акцияның ұйымдастырушылары «Отбасы мектебі» қайырымдылық қоры.