«NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

2020 ж. 5 қараша күні Нұр-Сұлтан «Астана жастары» ЖРО ұйымдастыруымен 2020 жылдың 12 қазан күні бастау алған Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының Жоғарғы оқу орындары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.
Дәстүрге айналған «NUR-SULTAN DEBAT CUP» пікірсайыс турнирінің биылғы жылғы ерекшелігі барлық ойындар бейнеконференцияларды, онлайн-кездесулерді және қашықтықтан оқытуды өткізуге арналған ZOOM алаңында, яғни, онлайн форматта өтті.
Марапаттау рәсімінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Геннадиевич Шиповских, Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихат депутаты Шибкенов Зейнулла Рахимұлы және тележүргізуші Есенали Әйгерім, «Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының» Президенті Бұхарбай Болат Дүйсенұлы қонақта болып жеңімпаздарды марапаттап сыйлықтарын табыс етті.