Волонтерлар мен Полиция департаменті қызметкерлері шектеулі талаптардың бұзылуын анықтау үшін ойын-сауық орындарына рейд жүргізді.

Карантиннің жеңілдетілгеніне қарамастан, ережеге сәйкес, 23.00-ден кейін әртүрлі ойын-сауық мекемелері жұмыс істемеуі керек: кафе, мейрамхана, түнгі клубтар.

Сондықтан тамыздың 25-і елордалық волонтерлар Полиция департаменті, Сапа және қауіпсіздікті бақылау департаменті, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлерінен құрылған мобильді топ санитарлық нормалар мен карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында рейд жүргізді.

Шара барысында Тұран даңғылының бойында орналасқан «Аура» түнгі клубы, Сауран көшесіндегі “Gotham” лаундж-бары тексерілді.

Полиция қызметкерлерімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.

Тұрғындарға қауіпсіздікті сақтау мақсатында ережелерді сақтаудың маңыздылығы ескертілді.