26 қаңтарда волонтерлар орталық жылусыз жеке үйде тұратын жалғыз басты зейнеткерге көмір түсіруге ат салысты.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Басты мақсаты –қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.
«Астана жастары» ЖРО қамқорлыққа мұқтаж адамдарға әрдайым көмектесуге дайын. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсету дәстүрге айналды.
Қарт адамдарға көмек көрсету әрқашан жастардың көңіл-күйін жақсартады, ертеңгі күнге сенімділік ұялатады, көптеген рухани күш береді. Жастардың өзара іс-қимылы олардың бойында мейірімділік пен аға ұрпаққа рухани сезімталдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.

Print Friendly, PDF & Email
Поделиться