Бүгін біз, «Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ және «Eco Friend» ЖШС-мен бірлесіп «Біз – таза қала үшін!» атты экологиялық науқаның бастадық.

Осы науқан аясында экологтардың пікірі бойынша 700 жылдан 1000 жылға дейін ыдырайтын полиэтилен пакеттерін қайта қолдануға болатын және берік экологиялық дорбаларға айырбастау жүзеге асырылды. Науқанның мақсаты – қоғам назарын экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару. Науқан аясында волонтерлар 10 000-ға жуық эко-дорбалар таратты.
Бұл науқан Нұр-Сұлтан қаласының супер- және гипермаркеттердің көпшілігін қамтиды, мысалы SMALL, ANVAR және т.б. Бұл соңғы экологиялық науқан емес екенін, мұндай науқандар жыл бойына жалғасатынын хабарлаймыз.


Print Friendly, PDF & Email
Поделиться