«30 игі іс»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтті. Басты мақсаты –қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

30 қаңтар күні қар құрсауының пайда болуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ мен елорда волонтерлары еңбек ардагерлеріне қар тазалауға көмек көрсетті. Волонтерлар күрекпен қаруланып, ауладағы жиналған қарды алып тастады және жүру бөлігінен үйге дейінгі жолдарды тазалады.

Print Friendly, PDF & Email
Поделиться