Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев мырзамен Нұр-Сұлтан қаласының орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен қалалық волонтерлардың қатысуымен кездесу өтті

Осыдан 32 жыл бұрын, нақты айтқанда, 1989 жылдың 15 ақпаны күні Кеңес әскерлері (40-шы армия және оған жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ мен
«Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-ның ұйымдастыруымен 15 ақпан – ауған соғысында болған әрбір жауынгерлермен офицерлерді еске алу күніне орай генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев мырзамен Нұр-Сұлтан қаласының орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен қалалық волонтерлардың қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты: аға буын және жас ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды сақтау және жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Print Friendly, PDF & Email
Поделиться