Шеберлік сабағы

Демалыс күні Сарыарқа ауданында орналасқан «Profit» аула клубы мен «Үміт» @krizis_centr_nur_sultan дағдарыс орталығына түскен әйелдердің балалары үшін шеберлік сабағы өтті.
Балаларға арналған шеберлік сыныбын Қазақстанның 5 дүркін чемпионы және Азияның 2 дүркін чемпионы – «Джиу-Джитсу, ММА» бойынша жаттықтырушы Мұсабек Ерназ, грэпплингтен Азия және Океания чемпионы Мыңбаев Нариман, дзюдодан Қазақстан чемпионы Мусурманов Жақсылық, дзюдодан спорт шебері Мейрам Айтқабыл өткізді.
Қысқаша ақпарат ретінде айтатыным қазіргі таңда аула клубтарының саны 24-ке жетсе, аула клубтарына келушілердің саны да 2500-нан асып отыр (жасөспірімдер мен жастар саны). Жоспарға сәйкес 2020-2023 жылдың бекітіліген тұжырымдамасын әрмен қарай дамытуға барынша ат салысатын боламыз.

Print Friendly, PDF & Email
Поделиться