

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерінің тұрақты қамқорлығында 150 зейнеткер бар. Алайда, карантин кезінде көмекке мұқтаж қарттардың саны артты.
⠀
«Төтенше жағдай кезінде біздің волонтерлар барлық зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне көмек көрсетті.
⠀
«Көптеген зейнеткерлер физикалық мүмкіндіктеріне байланысты өтініш бере алмайды. Бүгін біз Байқоңыр ауданынан бастадық. Мұнда көмекке мұқтаж зейнеткерлер көп. Біздің еріктілер ұйым ұсынған тізімге сәйкес мекен-жайға келіп, зейнеткерлермен бірігіп жұмыс жасап өтініш толтырады. Осыдан кейін өтініш жұмыспен қамту бөлімімен жұмыс істейтін ұйымдарға беріледі», – деді Шыңғыс Тлеулин.