Осы науқан аясында экологтардың пікірі бойынша 700 жылдан 1000 жылға дейін ыдырайтын полиэтилен пакеттерін қайта қолдануға болатын және берік экологиялық дорбаларға айырбастау жүзеге асырылды. Науқанның мақсаты – қоғам назарын экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару. Науқан аясында волонтерлар 10 000-ға жуық эко-дорбалар таратты.
Бұл науқан Нұр-Сұлтан қаласының супер- және гипермаркеттердің көпшілігін қамтиды, мысалы SMALL, ANVAR және т.б. Бұл соңғы экологиялық науқан емес екенін, мұндай науқандар жыл бойына жалғасатынын хабарлаймыз.



