Анализ және мониторинг бөлімі

Бөлім қызметінің мәні мен мақсаты жастарды ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу болып табылады. Жастар ортасындағы жағдайға мониторинг және анализ жүргізу. «Астана Жастары» КММ-нің барлық жұмыстарын жарықтандыру толығымен анализ және мониторинг бөлімінде жатыр. Жарықтандыру Instagram, YouTube, Telegram сияқты әлеуметтік желілерде жүреді. Жазылушылар саны 9 368 адамды құрайды. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген функциялармен қатар, бөлімнің міндеттеріне БАҚ-пен (бұқаралық ақпарат құралдары) жұмыс жасау кіреді. Еліміздің барлық телеарналарымен ынтымақтастығымыз бар.

Аманжолова Мөлдір Рашитқызы

Анализ, мониторинг, ақпараттық-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы.

Жобалар

«U-media»

Ұсынылған жоба аясында, Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» тұжырымдамасын іске асыру бойынша. Қоғамдық пікірдің прогрессивті және талантты көшбасшыларын қалыптастыру жолымен жастарды тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Дұрыс адамгершілік құндылықтарды насихаттау нысаны ретінде жастар қозғалысын құру бойынша жастар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу. Барлық бейнелерді біздің YouTube каналымыздан көре аласыз

ВИДЕО