«Астана жастары» ЖРО 2014 жылдың 7 ақпанынан бастап мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін жұмыс істейді және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. Біздің мақсатымыз – жастар мен жастар ұйымдарын жан-жақты қолдау, әлеуметтік, мәдени, рухани дамыту бойынша қызметтерді ұсыну.
Біздің міндеттеріміз:
Ақпараттық-әдістемелік, консультациялық қолдау және жастар бастамаларын қолдау.
Жастар ортасындағы жағдайды бақылау және талдау.
Бағыттар:
Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту
Бастамаларды қолдау және жастар ұйымдарының, қозғалыстарының және жастардың өзін-өзі басқару органдарының дамуына жәрдемдесу.
NEET жастарын жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдарлауға дайындауға көмек көрсету
Жас ұрпаққа түрлі жобалар ұйымдастыру арқылы жастардың белсенділігін арттыруға көмектесу
Жастарға ақысыз негізде консультациялық-құқықтық көмек көрсету
Жастардың инновациялық белсенділігін ынталандыру
Аула клубтарын дамыту