Қалай волонтер болуға болады?

Волонтерлік – бұл қалың жұртшылықтың игілігі үшін ерікті түрде жүзеге асырылатын, өзара көмек пен өзіне-өзі көмек көрсетудің дәстүрлі нысандарын, қызметтерді ресми көрсетудің және азаматтық белсенділіктің басқа да нысандарын қоса алғандағы кең ауқымды қызмет.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда қалалық, республикалық және халықаралық ауқымдағы көптеген маңызды оқиғалар өткізілуде. Осы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша тиісті білім мен құзыреттілікке ие жастар арасынан волонтерлерді жұмылдыру өте қажет. Волонтерлік қызмет волонтерлерге көшбасшылық, ұйымдастырушылық дағдыларын ашуға және дамытуға көмектеседі, әлеуметтік тұлға болуды ғана емес, белсенді азаматтық ұстанымға ие болуды үйретеді.

— Спорт волонтерлері
— Әлеуметтік волонтерлік
— Event-волонтерлік
— Эко-волонтерлік
— ТЖ волонтерлері

— Жаңа таныстықтар және достар табады
— Кәсіби және кәсіби емес дағдыларды дамытады

— Коммуникативтік қабілеттерге және командамен жұмыс тәжірибесіне ие болады

— Әлемдік деңгейдегі оқиғаларға қатысу мүмкіндігі

— Тегін семинарлар мен тренингтерге қатысу мүмкіндігі

— Тәжірибе 

  1.  Жеке куәлік (төлқұжат, туу туралы куәлік)
    2.    Сауалнаманы толтыру  
    3.    Сұхбаттасудан өту
    4.    Біздің ұйымның сізге сәйкес келетінін түсіну.
    5.    Волонтер болу тілегіңізге сенімді болу

Біздін парақшамыз: 
@astana_zhastary_volunteers 

Сауалнама