Кодекс Волонтера

  • Волонтерлік қызмет – бұл көмек көрсетудің және қайырымдылық нысанындағы түрлі қызметтерді көрсетуде қоғамдық жүйенің тұтастығын қалыптастыратын қозғалыс.

    Волонтер – бұл осы кодексті басшылыққа ала отырып, өзінің ақысыз негізде қатысуы арқылы айналадағылар мен ұйымдастырушыларға  қолдан келерлік көмек көрсететін ерікті.

  • Еріктілік.

  • Ақысыздық (волонтердің еңбегіне ақы төленбейді, алайда волонтердің ұйымдағы қызметіне байланысты және ұйымдастырушылардың және мекеменің өкімі бойынша шеккен шығыстары өтелуі мүмкін).

  • Адалдық (белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенген волонтер оны соңына дейін жеткізуі қажет).

  • Заңдылық (волонтердің қызметі ҚР заңнамасына қайшы келмеуі тиіс).

  • Ақысыз негізде қоғам игілігі үшін еңбек еткісі келетін 14 жастан асқан кез келген адам (ата-анасының рұқсатымен).

Сауалнаманы толтыру және волонтерлер қозғалысын дамыту бөлімінің жетекшісімен сұхбаттасу.

“Астана жастары” ЖРО волонтерлер қозғалысы қызметінің мақсаттарын, әдістері мен қағидаларын қабылдау.

  • Өз қажеттіліктері мен ұмтылыстарына сәйкес келетін қызмет түрін таңдауға.

  • Тапсырмаларды орындау үшін барлық қажетті ақпаратты, жабдықты, сондай-ақ материалдық құралдарды алуға.

  • Мекемеден орындалған жұмыстардың сипаты, сапасы мен көлемі, көрсетілген біліктілік деңгейі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды (анықтамаларды, ұсыныстарды) беруін сұрауға.

  • Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру нысандары мен әдістерін талқылау бойынша ұсыныстар енгізуге.

  • Өз еңбегі үшін құрмет және алғыс алуға.

  • Волонтерден орындалған жұмыс туралы есепті, егер Мекеменің қаражаты пайдаланылған болса, жасалған жұмыс үшін материалдық шығындар туралы есепті талап етуге

  • Жетекшіге және бір командада жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауды талап етуге.

  • Өз міндеттемелерін орындамаған, тәртіпті бұзған, басқа белсенділерге қатысты дөрекі мінез-құлық көрсеткен волонтердің қызметінен бас тартуға

  • Волонтерлерге  қойылған мақсаттарды табысты іске асыру үшін қажетті оқытуды ұсыну.

  • Мекеменің, бөлімнің атынан сөйлеуге рұқсат беру.