2020 жылғы 27 қараша күні сағат 09:00-де Нұр-Сұлтан қ., ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығында (Республика 2) «Еріктілер жылына» орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Астана жастары» КММ және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен бастау алған «Jas sarbaz – Meiirimdilik biriktiredi» жобасының жабылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Ерментаев Аян Бауыржанұлы және «Жас сарбаз» жасөпірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Мендыгалиев Мейірбек Оразұлы қатысты. Іс шара барысында 3-күндік жиынның жеңімпаздары:
🏆Бас жүлде: №53 мектеп
🥇1 орын: Сарыарқа ауданының құрамасы.
🥈2 орын: №16 мектеп
🥉3 орын: №5 мектеп
анықталды және жыл бойы Жас сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының дамуына белсене үлес қосқан тәрбиешілер алғыс хатпен марапатталды.

