Білім беру

Қазақстан Республикасы білім гранттары

Қазақстан Республикасында мемлекет жыл сайын азаматтардың барлық санаттары үшін елдің жоғары оқу орындарында тегін оқуға гранттар бөледі.

Оқу гранттары ел бюджетінен бөлінеді. Жыл сайын еліміз үшін қажетті мамандықтардың тізімі қалыптастырылады және мемлекет осы мамандықтар бойынша оқуға үздік ЖОО-ларына тапсырыс жасайды.

ЖОО-ға грантқа түсу үшін ҰБТ және ТКТ тапсыру қажет.

Грант алуға әсер ететін басты фактор — жалпы мемлекеттік аттестаттау кезінде алынған баллдар. Жыл сайын тестілеудің өту балының сомасы өзгеріп отырады.

Орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған қазақ тілінің, қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған орыс тілінің нәтижелері ЖОО-ға түсу кезіндегі нәтижелерге әсер етпейді.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсында ҰБТ-ның төрт пәні (математика, ана тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы және таңдау пәні) бойынша баллдар есептеледі.

Грант алу конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау жыл сайын еліміздің барлық БАҚ-тарында және ЖОО-ларында жарияланады.

Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер және бала кезінен мүгедектер жеңілдік алуға құқылы.

Толығырақ мәліметтер: http://www.edu.gov.kz/ сайтында.

“Жақия” Қайырымдылық қоры” қоғамдық қорының білім беру гранттары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін түлектерге арналған.

Іріктеу критерийлері:

— Қаржылық жағдайы;

— Балаларға арналған интернаттық мекемелердің түлектері (оның түлегі растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда артықшылыққа ие болады)

— Академиялық білімі;

— Оқу орнынан ұсыныстардың болуы;

— Қоғамдық және әлеуметтік өмірге қатысуы;

Іріктеу процесі екі кезеңнен тұрады:

1-кезең – алдын ала іріктеу ұсынылған құжаттар негізінде қор басшылығымен  жүргізіледі. 1-кезеңнің нәтижелері бойынша финалистердің тізімі дайындалады.

2-кезең – Қордың Қамқоршылық кеңесімен финалистер тізімі қаралады және бекітіледі.

Білім беру гранты оқу құнын және ай сайынғы стипендияны жабады.

Байланыс:

http://zhakiya.kz/

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 77/7, 11-қабат

+7 727 3 555 111 іш. 703

+7 727 3 555 222 факс

mail@zhakiya.kz,

 sabirova@zhakiya.kz

Қазақстандықтар үшін шетелде оқу стипендиялық бағдарламалары

“Болашақ” халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Жарлығымен құрылды.

Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

Бағдарлама операторы “Халықаралық бағдарламалар орталығы”АҚ болып табылады.

Байланыс:

Веб-сайты: https://www.bolashak.gov.kz

010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8,

“Алтын Орда” Бизнес Орталығы

Анықтама телефондары: 24-93-85, 24-93-86   

DAAD Германияның жоғары оқу орындарын біріктіретін және студенттер мен ғалымдардың халықаралық академиялық алмасуына жәрдем көрсететін әлемдегі ең ірі ұйым болып табылады. DAAD студенттер мен ғалымдардың академиялық алмасуын ұйымдастырады және қаржыландырады, Германияда оқу және зерттеу жүргізу мүмкіндіктері туралы хабарлайды, сондай-ақ неміс ЖОО-ларының интернационалдылығы мен беделін арттыруға ықпал етеді. DAAD қазақстандық студенттерге, жас ғалымдарға және мамандарға, оқытушылар мен ғалымдарға неміс және ағылшын тілдерінде қолжетімді 10-нан астам стипендиялық бағдарламаларды ұсынады.

    Кандидатпен ұсынылатын қажетті құжаттар пакеті:

— өтініш;

— өмірбаяны;

— уәждемелік хат (өзі туралы ақпарат, пәнді зерттеудегі ерекше қызығушылықтары мен ұмтылыстары көрсетілген мамандық пен неміс жоғары оқу орнын таңдаудың егжей-тегжейлі негіздемесі; максималды 1000 сөз);

— оқу курсының атауы, үміткерлерге қойылатын талаптар, оқыту ұзақтығы, оқыту тілі, оқытылатын пәндер тізбесі және т. б. көрсетілген университет сайтынан басып шығарылған ақпарат(4 беттен артық емес!);

— неміс немесе ағылшын тілдеріне аударылған 10 және 11 сыныптар бойынша мектеп табельдерінің көшірмелері;

— TestAS-қа тіркелуді растау немесе тест нәтижелері.

Өтінімді қалай беруге болады?

Үміткерлер құжаттарды DAAD порталына жүктейді, сондай-ақ өтінімдерді DAAD аймақтық өкілділігіне жолдайды: Алматы қ., Иванилов к-сі 2, ГФР Бас консулдығы, Мәдениет бөлімі.

Толық ақпаратты ресми сайттан алуыңызға болады: http://www.daad.kz/.

Байланыс:

Алматы қ., Қазақстан-Неміс университеті, Пушкин к-сі, 111/113, 18-кеңсе, тел.: 727 293 90 35

Бағдарлама Ұлыбританияда білім алу үшін ең беделді марапаттардың бірі болып табылады. Стипендия болашақта мемлекетте шешім қабылдауға ықпал етуге әлеуеті бар Қазақстанның жас көшбасшыларына бағытталған. Chevening стипендияларының көптегені дипломнан кейінгі магистрлік бағдарламаларға арналған. Chevening стипендиясының басқа британдық бағдарламалармен салыстырғандағы артықшылығы – Chevening гранты стипендиаттың таңдаған жоғары оқу орнындағы оқуын (күндізгі оқу нысаны) ғана емес, сонымен қатар осы кезеңде Ұлыбританияда тұруын да өтейді.

Chevening бағдарламасымен қойылатын талаптар:

— жоғары білім туралы диплом болуы тиіс;

— Ұлыбританияда таңдаған оқу бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болуы қажет;

— бағдарлама талаптарына сәйкес ағылшын тілін білу қажет.

Қосымша талаптармен Chevening ресми сайтында таныса аласыз.

Өтінімді қалай беруге болады?

Өтініштер е-Chevening жүйесі арқылы онлайн режимде қабылданады. Айта кету қажет, құжаттарды пошта арқылы жіберу қарастырылмаған.

Байланыс:

https://www.chevening.org/kazakhstan

Нақты ғылымдар мен технологиялар саласындағы Fulbright (Фулбрайт) стипендиясыАҚШ-тың ең танымал оқу орындарының бірінде тегін негізде білім алу мүмкіндігін (ғылым докторы (PhD) дәрежесі) ұсынады. Магистратурада оқуға арналған бағдарлама түлектер мен жас мамандарға АҚШ-та магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Стипендия оқу, жол жүру, медициналық сақтандыру, тұру, оқулықтар сатып алу және басқа шағын шығындарды толық өтейді.

Магистратурада оқуға арналған мамандықтар тізімі шектеусіз.

Кандидатпен ұсынылатын қажетті құжаттар пакеті:

— онлайн режимінде толтырылған сауалнама;

— жоғары білім туралы дипломның, сондай-ақ оның қосымшаларының көшірмесі (шет тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған);

— оқытушылардан үш ұсыныс хат;

— ағылшын тілін білу сертификатының болуы (TOEFL, GME );

— түйіндеме;

— төлқұжат көшірмесі.

Өтінімді қалай беруге болады?

Құжаттарды қабылдауды АҚШ елшілігі жүзеге асырады. Кандидаттарды алғашқы іріктеуді АҚШ елшілігі жүргізеді, содан кейін кандидатуралар АҚШ-тағы тәуелсіз іріктеу комиссияларымен қаралады.

Байланыс:

https://kz.usembassy.gov

Нұр-Сұлтан қ., Ақ Бұлақ 4, 23-22 көшесі, № 3,

 тел: +7 (7272) 70-21-00

Алматы қ., Самал 2, Жолдасбеков к-сі 97, 17-қабат.

тел.: +7 (727 2) 50-48-02

1993 жылы құрылған Коч университеті (KU) Стамбулда әлемдік деңгейдегі білім беру тәжірибесін ұсынатын жеке коммерциялық емес зерттеу университеті болып табылады.

Университет туралы толық ақпаратты сілтемеге басу арқылы ала аласыз https://www.ku.edu.tr/en/about-ku.

Университет бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына 100% оқу гранттарын ұсынады.

Ақпарат үшін: әрбір үміткер университет сайтында онлайн өтініш беру жүйесінде қажетті ақпарат пен құжаттарды толтыруы керек, бакалавриат үшін: smallapps.ku.edu.tr/regap; магистратура үшін: http://gradapp.ku.edu.tr. Байланыс:

.

Телефон нөмірлері: +7 (7172) 24-93-71, 76-90-83

Endeavour Awards – бүкіл әлемнің студенттерін, зерттеушілері мен мамандарын оқуда және жұмыста жоғары нәтижелері мен сіңірген еңбегі үшін көтермелеуге бағытталған Австралия Үкіметімен құрылған халықаралық білім беру бағдарламасы.

Endeavour Awards бағдарламасы Азия-Тынық мұхит аймағының, Таяу Шығыстың, Еуропа мен Америка тұрғындарына Австралия аумағында кез келген бағыттар бойынша оқу, зерттеу қызметі және кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім нысанын толтырып, келесі құжаттарды жіберу қажет:

— жоғары білім туралы дипломның көшірмесі, сондай-ақ қосымшалары (ағылшын тілінде нотариалды куәландырылған);

— оқытушылардан ұсыныс хаттар;

— эссе (уәждемелік хат);

— ағылшын тілін білу сертификаты (TOEFL, IELTS );

— азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі;

— қабылдаушы университеттен шақыру.

Өтінімдерді қабылдауды Австралия елшілігі жүзеге асырады.

Байланыс:

ҚР Австралия консулдығы

Алматы қ., Әл-Фараби к-сі, 5, 2а корпусі, 9-қабат

тел.: 77-78-79/78

e-mail: gaslink@bigpond.com,  almaty@ect.kz