Бизнес

Стартаперлерге арналған ақпарат

Астанада тұрақты негізде стартаптарды қолдау бойынша түрлі хакатондар, акселерациялық бағдарламалар және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Егер сіз стартапер болсаңыз немесе болашақта масштабталатын инновациялық идеяңыз болса, сіз осындай бағдарламалардың біріне өтініш бере аласыз, қатысу тегін.

2018 жылдан бастап ЭКСПО базасында “Астана хаб” халықаралық IT стартаптар технопаркі жұмыс жасайды. Хабтың миссиясы: стартап-мәдениетті дамыту және ел экономикасын нығайту үшін жоғары технологиялық жобаларға қолдау көрсету. Хабта тұрақты негізде жаңашылдарға арналған түрлі оқыту тренингтері, семинарлар, конкурстар және стартаперлерге арналған акселерациялық бағдарламалар өткізіледі.

Акселерациялық бағдарламалар мен конкурстардың анонстарымен Астана хаб сайтында танысуға болады: https://astanahub.com/.

Астана хаб мекенжайы : Нұр-Сұлтан, Мәңгілік Ел даңғылы, С4. 6

Тел.: +7-778-010-36-20

Эл. пошта: accelerator@astanahub.kz

“Астана Innovations” АҚ қала билігінің, ғылыми және бизнес қоғамдастықтардың күштерін біріктіре отырып, инновациялық экожүйенің интеграторы болып табылады. Қызметтің негізгі бағыттары “Smart Астана” тұжырымдамасы мен “Қауіпсіз қала” бағдарламасын іске асыру болып табылады. Сонымен қатар, компания жыл сайын қаланың IT қауымдастығын қолдау мақсатында бірқатар конкурстар мен хакатондар ұйымдастырады: “Sustainable city development” стартап-марафоны, Startup Weekend, “Astana Hacathon” және басқалар. Байқау жеңімпаздарына компания ақшалай сыйлықтар мен стартапты дамытуға шағын гранттар береді.

Компаниямен байланыс:

http://ain.kz/

Телефондар: +7 7172 57-89-50, +7 7172 57-89-50

E-mail: info@ain.kz

Компания инновациялық даму үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін құрылған. ТДҰА “Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ құрамына кіреді.

Компания  технологиялық компанияларға инновациялық гранттар береді, бизнес-инкубаторларға қаржылық, сондай-ақ әдіснамалық қолдау түрінде мемлекеттік көмек көрсетеді, инновациялық дамуға гранттар береді.

Байланыс:

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үйі

https://natd.gov.kz/

 E-mail: info@natd.gov.kz, grant@natd.gov.kz

Телефондар: +7 (7172) 57-10-12, +7 (7172) 57-10-16 (іш. 444)

Бизнеске арналған несиелер мен субсидиялар

Қолданыстағы бизнесті бастау немесе дамыту үшін “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелер алуға болады. Несиелер мен субсидияларды “Даму” Кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ береді.

Несие алу үшін қордың сайтында немесе кеңседе өтініш беру керек. Қазақстанның барлық өңірлерінде қордың өңірлік филиалдары жұмыс істейді, онда азаматтар барлық қажетті ақпаратты, сондай-ақ несие алу бойынша көмекті ала алады.

Қор бизнестің әртүрлі санаттары үшін несиелер мен субсидиялар береді, кәсіпкер әйелдерге, ауыл тұрғындарына, жастарға және т. б. арналған арнайы бағдарламалар бар.

Толық ақпарат алу үшін “ДАМУ” Қорына келесі байланыс түрлері бойынша хабарласа аласыз.

“ДАМУ” кол-орталықтарының кредит беру мәселелері бойынша телефондары:

Қалалық телефон: 8 (727) 244-55-66 (77),

Анықтама телефоны: 8 (800) 080-18-90 (Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін),

Қысқа нөмір: 1408 (Қазақстан ішіндегі қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).

https://www.damu.kz/

https://business.gov.kz/

Бизнес-курстар

Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты негізде ақылы, сондай-ақ тегін түрлі бизнес-курстар ұйымдастырылады және өткізіледі. Бизнес жүргізуді үйренгісі келетін азаматтарды бірқатар мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ жеке білім беру орталықтары оқытады.

Төменде мемлекеттік органдармен ұйымдастырылған ақысыз бизнес-курстардың тізімі берілген.

“Кәсіпкерлікті дамытуды қашықтан қолдау” оқыту бағдарламасы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың білім деңгейін арттыруға бағытталған. Әсіресе, бұл Қазақстанның ірі қалаларынан алыс аудандарының тұрғындары үшін ыңғайлы.

Өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта өз біліміңізді тегін толықтыруға және жетілдіруге бірегей мүмкіндікті пайдаланыңыз. Не істеу керек? edu.damu.kz сілтемесі бойынша өтіңіз және сайтта тіркеліп, қашықтан оқуды бастаңыз.

Өз бетінше оқу барысында электрондық жүйе орындалған тапсырмаларды тексереді және бағалайды. Оқу соңында қорытынды тест тапсырасыз. Курс аяқталғаннан кейін электронды сертификат беріледі.

Байланыс:

Веб-сайт: http://edu.damu.kz

Телефон: +7 (727) 244 55 66 (77) (көп арналы)

Байланыс орталығы: 1408

e-mail: info@fund.kz

“Startup Академия” жобасы Стартаптарға акселерация және олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы кешенді қолдау көрсетуге бағытталған.

Алдын ала іріктеуден өткен, сондай-ақ edu.damu.kz қашықтан оқыту порталында кәсіпкерлік негіздері бойынша курстан өткен және бизнес-идеясы бар стартаптар Жоба қатысушылары бола алады.

Жоба серіктес ұйымдардың (Бизнес-инкубаторлары, коворкинг орталықтары, технопарктері және/немесе т.б. бар университеттер) базасында іске асырылады. Жоба 2019 жылы басталады.

Акселерация нәтижелері бойынша сіздің стартапыңызда өз бизнесіңізді бастауға және инвесторлар тартуға мүмкіндік пайда болады.

 

Байланыс:

Веб-сайт: http://edu.damu.kz

Телефон: +7 (727) 244 55 66 (77) (көп арналы)

Байланыс орталығы: 1408

e-mail: info@fund.kz

2015 жылдан бастап “Атамекен” ҰКП жанында жұмыссыз жастарға, жас және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған “BASTAU” Бизнес-мектебі” оқыту жобасы жұмыс жасайды.

Бағдарлама үш сатыдан тұрады. Әр деңгейде оқыту бір айға созылады және қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектепті бітіргеннен кейін түлектерге инвестиция тартқанға немесе жұмысқа орналасқанға дейін қолдау көрсетіледі.

Жоба шеңберінде қатысушыларды оқыту ақысыз негізде жүзеге асырылады. Қатысушыларға 16 759 теңге мөлшерінде біржолғы шәкіртақы төленеді. Сондай-ақ, түлектер 1 жыл ішінде бизнесін қолдауға ие болатынына сене алады.

Байланыс:

Веб-сайт: http://atameken.kz/

Байланыс орталығы: 1432

Бірыңғай анықтама орталығы: 8-800-080-80-10

e-mail: info@atameken.kz

Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары “ЖКМ” жобасының тыңдаушылары бола алады.

“ЖКМ” жобасы:

— жастарды кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздеріне оқытуды;

— бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;

— “ЖКМ” жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыруды;

— “ЖКМ” жобасы тыңдаушыларының ең табысты бизнес-жобаларын таныстыра отырып, өңірлерде “Идеялар жәрмеңкесі” конкурсын ұйымдастыруды;

— үздік бизнес-жобаларға — “Идеялар жәрмеңкесі” конкурстарының жеңімпаздарына қаржыландыру алуда жәрдемдесуді қарастырады.

Оқыту процесінде “ЖКМ” жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу және бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.

“ЖКМ” жобасының тыңдаушыларын оқыту және шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының оқу-әдістемелік материалдарын, анықтамаларын беру ақысыз негізде жүзеге асырылады.

“ЖКМ” жобасы бойынша оқудан өткені туралы сертификаттың болуы “БЖК-2020” бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға құқық береді.

 

“Жас кәсіпкер мектебіне” қатысу үшін белгіленген үлгідегі өтінішті және жеке куәліктің көшірмесін http://atameken.kz/ веб-сайтына жүктеу қажет.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 919-087 телефоны арқылы алуға болады.