Тұрғын үй

Іріктеу азаматтардың санаттары бойынша емес, нақты кірістер бойынша жүргізіледі.

  1. Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін (31,2 мың теңге) табысы төмен азаматтар  жалға берілетін тұрғын үй алады.
  2. Табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 2 ең төменгі күнкөріс деңгейіне (62,4 мың теңге) дейінгі азаматтар 2%-бен (“2-10-20”, Бақытты отбасы) тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болады.
  3. Табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі (96,7 мың теңге) азаматтар “5-10-20” жаңа бағдарламасы бойынша тұрғын үй алады.
  4. Табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын азаматтар 2-деңгейдегі банктердің бағдарламаларына қатысатын болады (“7-20-25”, нарықтық ипотека).

“7-20-25” – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама, ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсартудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде айтылған “Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері” бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру шеңберінде әзірленді.

“7-20-25” бағдарламасының операторы “Баспана” ипотекалық компаниясы болып табылады.

Анықтама алу үшін байланыс:

https://baspana72025.kz

Анықтама телефоны:+7 727 227 20 25

 

“7-20-25” Бағдарламасының негізгі шарттары:

Мөлшерлемесі – жылдық 7%

Бастапқы жарна – 20%

Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін

Бағдарлама мерзімсіз.

Қарызды тек теңгемен алуға болады.

Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін қатысушы банкке жүгінуі тиіс.

Қарыз беру рәсімінің басталғаны туралы ақпарат және қатысушы банктердің тізімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында http://www.nationalbank.kz/ сілтемесі бойынша қосымша орналастырылатын болады.

 

Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

2) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің болуы;

3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы;

4) Бағдарламаға қатысушы банкке өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы.

Банктер қарыз алушыға Бағдарламаның талаптарына қайшы келмейтін қосымша талаптар белгілей алады.

Табысы жоқ, яғни төлемқабілеттілігі жоқ азамат Бағдарлама бойынша қарыз ала алмайды.

Бағдарламада қарыз алушының жасы бойынша шектеулер қарастырылмайды.

Қарыз мерзімін қарыз алушы банкпен келісім бойынша айқындайтын болады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық санаттарының қатысуына жол беріледі.

Бағдарламаның шарттары барлығы үшін бірдей болып табылады, сондықтан азаматтардың жекелеген санаттары үшін қандай да бір жеңілдіктер көзделмейді.

Осы бағыт бойынша Бағдарламаға Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар, атап айтқанда: мемлекеттік қызметкерлер; бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері; әскери қызметкерлер; ғарышкерлікке кандидаттар;

ғарышкерлер; арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

мемлекеттік сайлаулы лауазымдағы адамдар; халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (мүгедектері және ҰОС қатысушылары; I және II топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан адамдар; жасы бойынша зейнеткерлер; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар; көпбалалы отбасылар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе ұшуды жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; толық емес отбасылар).

Бағдарламаға қатысушылар арасында іріктеуді оның коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған кезегіне сәйкес тұрғын үй комиссиясы жүргізеді.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұрын “Қолжетімді тұрғын үй-2020” бағдарламасы) бекітілді.

     Бағдарлама құрылыс және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету  бойынша келесі бағыттарды қамтиды:

    1) “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ желісі бойынша тұрғын үй (халықтың барлық санаттары үшін және жас отбасылар үшін);

    2) “Қазақстан ипотекалық компаниясы” АҚ желісі бойынша тұрғын үй;

    3) “Самұрық-Қазына” жылжымайтын мүлік қоры” АҚ желісі бойынша тұрғын үй;

    4) авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жоба шеңберіндегі тұрғын үй.

Жас отбасыларға арналған тұрғын үй

         Осы бағыт бойынша балалары бар, кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 жасқа толмаған жас отбасылар (бағдарламаға қатысуға өтініш берген кездегі жағдай бойынша), сондай-ақ балаларды 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір, Нұр-Сұлтан қаласында кемінде екі жыл тұрғылықты жері бойынша тіркелген ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы тұрғын үй алуға өтініш бере алады.

       Жас отбасыларға қойылатын негізгі талаптар: 

         1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі болуы; 

         2) соңғы 2 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласында тіркелуі;  

         3) Бағдарламаға қатысушыда және онымен  бірге тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайында/зайыбында, кәмелетке толмаған балаларында), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы; 

         4) Бағдарламаға қатысушының және онымен  бірге тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының/зайыбының, кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үй-жайды ауыстыру немесе өзіне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілерінің болмауы.

        Қатысушылар арасында іріктеу  тұрғын үй комиссиясымен балл беру есебімен жүргізіледі (баллдардың ең көп саны бойынша): 

               1) бірінші бала үшін – 20 балл, әрбір екінші және одан кейінгі бала үшін – 30 балл.

               2) отбасының мүгедек болып табылатын немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес  кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын  әрбір мүшесі үшін – 10 балл;

              3) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдыңғы іріктеу кезінде салынған үйге тізімге енгізілмеген үміткерлерге, – қосымша 5 балл;

              4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.

             Толық ақпарат алу үшін

   Нұр-Сұлтан қ. Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасымен      байланыс

             Тел.; +7 (7172) 32-88-80

             Мекенжайы: Сәкен Сейфуллин көшесі, 30

             e-mail: kurylys-astana@mail.ru

             http://www.kurylys.astana.kz